top of page
331px-thumbnail.jpg
Карандаш и блокнот

Үстінен талай-талай ел өтті ме,
Жасырған жүзін жасыл желек, міне,
Ағылып ғалым біткен, 
Елең етті,
Табылып көне қорған Теректіде.

Жаужүрек сарматтар мен сақтар қандай,
Елесі обада осы сақталғандай.
Паш етіп ақсүйек, бай екендігін,
Алтынмен абыз әйел апталғандай.

Кім білген,
Жауға шапқан ер ме мықты,
Бір өзі мол олжаны өңгеріпті.


Ханша ма ел билеген,
Қасына оның
Қос бірдей күзетшісі жерленіпті.

Сыр ашпай,
Кәрі тарих қайда асығар,
Киелі, қасиетті жай ма осылар?!
Сәні де ханшайымның сезілгендей
Білезік, 
Алтын моншақ, 
Айнасынан.

Шығыпты қаруы мен жарақтары,
Ғалымның таңғалғандай қарап бәрі.


Сарматтың жаугерлігін танытып тұр
Соғыстың көрінісі тарақтағы.

Тақсай да сол тайпадан қалған мекен.


Болды ма қайсарлығы аңнан бетер, 
Бөрідей күштіміз деп,
Салпыншаққа
Қасқырдың азу тісін салған екен.

Қалмады байлық пенен тақ та кімнен,
Айналып кеткендей ме жатқа бірден,
Есімін, 
Түп-төркінін айтар ма еді,
Тіл бітсе, 
Абыз әйел атқа мінген.

Осымен бітті ме уақыт қақпақылы,
Ел гулеп,
Жырға қосып жатты ақыны.
…Тақсайдың ханшайымы қайта түлеп,
Музейден өз орынын тапты ақыры.

Гайсагали СЕЙТАК,

поэт, член Союза писателей и журналистов Казахстана

(THE STAR) Journey of the Golden Man (151019).jpg

Проект «Туган елге тагзым».

Назарбаев Интеллектуальная школа физико-математического направления, Уральск

bottom of page