top of page

Қабірден бес жүген, түйенің ақсиған басы сомдалған қола қазан мен алтын қаңылтырмен қапталған ағаш тостағанның сынығы, жаңғақ ағашынан жасалған қабы бар тұтқалы зооморфты айна, таба мен шыны ыдыстар, көзді моншақ тастары, пышақтар, сонымен бірге әлдебір абыздық рәсімдерді жасауда қолданылған заттар салынған ғұрыптық қорап табылады. Бұл – екі қасқырдың тырнақты табан сүйектері, өте кішкентай ыдыс, келі келсабымен, қасқырдың азу және жақ тістері, арба үстіндегі парсылар мен көшпелілер арасындағы теке-тірестер бейнеленген ағаш тарақ. Осы Тақсай тарағында салынған бейне Татарлидегі (Анатолия, қазіргі Түркия) қабірдің түрлі түспен боялған ағаш панеліндегі көрініске ұқсас. Олай болса, осы №6 оба б.з.д. VI ғ. соңы – V ғ. басымен мерзімделеді.

Әйелдің құнды жерлеу заттары күнмен байланысты символдар түрінде орындалған алтын әшекей бұйымдар болса, басына символикалық өмір ағашы мағынасын білдіретін конус тәрізді бас киім (шошақ сәукеле) кигізілген. Бас киімнің ұшар басында таутекенің бейнеленуі марқұмның «патша» биілігі дәрежесін және жоғары мәртебелі болғанын білдіреді.

                                                        Дереккөз: https://archaeology.kz/mura?id=419 

 

002.jpg

ШЕКЕЛІК

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Өлшемі: 27см.ұзына бойы

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2187/1,2   АЗ-455/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Шекелік төменгі жағына үлкен қуыс конус пішінді сәндік элемент дәнекерленген қиылған сымнан тұйықталып жасалған дөңгелектен тұрады. Конусы соғылған алтын тілімшесінен пішінге қиылып, қайырылып және дәнекерленіп жасалған. Сіркеленіп безендірілген тік жігі бар. Конустың және дөңгелектің дәнекер орнындағы шекеліктің барлық имегі дәнекермен сіркеленген, ал конустың жоғарғы жағы үш қатар көлденеңінен сіркеленіп дәнекерленген және солардан шығатын түйіршіктердің 3 үшбұрыш композициясымен безендірілген. Үшбұрыштың беттері үш түйіршіктен тұрады. Конустың негізіне тілімшеден иіліп жасалған шеңбер дәнекерленген, ал оған көлденең тілімшелер дәнекерленген. Шеңбердің жиектері конустың сырт жағына қайырылып қысылып барып, ені 0,3 см болатын негізге жиектеме жасаған. Оның жоғары жағынан көлденең сіркелеу жүреді. Оған 10 үшбұрыштан тұратын қатар жоғары кетеді. Үшбұрыштардың беттері алты түйіршіктен тұрады.

 

БІЛЕЗІКТЕР

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы: сары түсті металл, жасанды көгілдір ақық

Өлшемі:75х62х(6-1,5)мм

Табылған жері:Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2190/1,2 АЗ-458/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Білезіктер құйылған дөңгелек шыбықтан иіп жасалған, ұштары бір-біріне айқастырылған. Олардың ұшына қияли жыртқыштың және шөпқоректі жануардың (бұқаның) басы бейнесіндегі қуыс мүсіндер дәнекерленген. Біріктірілген жерлерінен дәнекер жіктері көрінеді. Барлық ұштықтар бір мүсіндік матрицамен басма техникасымен жасалған, оны бейнеленген бейнелердің бірдей болып орналасуы дәлелдейді.

Ұштықтар қияли жыртқыштың шөпқоректі жануарды (бұқаны) азаптап жатқан шартты көрінісін берген: тек қана бастары берілген, солай бола тұра жыртқыш бұқаның шүйдесіне жабысып алған.

004.jpg
005.jpg

ГРИВНА

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:ұзындығы 62см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2191   АЗ-459

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Гривна шығыршықты, түтікті және алмалы-салмалы түрге жатады. Ұштары бірікпеген жүзік пішінді. Гривнаның негізгі бөлігіндегі түтікшелердің ұштары топсалардың алмалы-салмалы бөлігінің төлкесі салынатын кеңернеулі немесе басқа қосымша бекітулері жоқ.

ТӨРТ ГРИФОННЫҢ БАСЫНАН СВАСТИКА ТҮРІНДЕГІ ҮЛКЕН ЖАПСЫРМА 

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: соғу, бедерлеу, дәнекерлеу.

Өлшемі: 4х4х0,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2192/1-15 АЗ-460/1-15

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Құс бастары салынған свастика түріндегі шаршы пішінді жапсырма жыртқыштық сипатқа ие. Грифондардың төрт басы қырынан берілген және ортасындағы дөңесті және оны көмкеру үшін жасалған білікті айнала бірі-біріне ілесіп, композицияны дөңгелек етіп айналып орналасқан. Грифондардың тұмсықтары алдыңғы грифонның желкесіне тіреледі. Грифон бейнесінен аргессияшылдық айқын сезіледі. Грифонның мотиві балсірімен өңделген ұзын және төмен бүгілген доғал тұмсығы және үлкен жұмыр білікшемен қоршалған дөңгелек шығыңқы көздері бейнеленген бас түрінде берілген. Аузының сызығы доға түріндегі атызбен берілген. Бедері анық, беткі және сыртқы беттері анық жасалған. Артқы жағына 4 ілмек дәнекерленген. Төрт грифонның тұмсықтарының астына тесіктер жасалған. Грифон көздерінің астында үтір сияқты білікпен қоршалған атыз бар.

006.jpg
007.jpg

ТӨРТ ГРИФОННЫҢ БАСЫНАН СВАСТИКА ТҮРІНДЕГІ КІШІ ЖАПСЫРМА 

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: соғу, бедерлеу, дәнекерлеу

Өлшемі: 2,8х2,8х0,5см.

Жасалған орны: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2193/1-46 АЗ-461/1-46

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Құс бастары салынған свастика түріндегі шаршы пішінді жапсырма жыртқыштық сипатқа ие. Грифондардың төрт басы қырынан берілген және ортасындағы дөңесті және оны көмкеру үшін жасалған білікті айнала бірі-біріне ілесіп, композицияны дөңгелек етіп айналып орналасқан. Грифондардың тұмсықтары алдыңғы грифонның желкесіне тіреледі. Грифон бейнесінен аргессияшылдық айқын сезіледі. Грифонның мотиві балсірімен өңделген ұзын және төмен бүгілген доғал тұмсығы және үлкен жұмыр білікшемен қоршалған дөңгелек шығыңқы көздері бейнеленген бас түрінде берілген. Аузының сызығы доға түріндегі атызбен берілген. Бедері анық, беткі және сыртқы беттері анық жасалған. Артқы жағына 4 ілмек дәнекерленген. Төрт грифонның тұмсықтарының астына тесіктер жасалған. Грифон көздерінің астында үтір сияқты білікпен қоршалған атыз бар.

ҚОЙДЫҢ ЕКІ БАСЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН СОПАҚШАЛАУ ЖАПСЫРМА (ШЕКПЕНДЕ)

Даталануы: VI-Vғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  2,8х2,5х0,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы, 6-қорым

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2195/1-6  АЗ-463/1-6

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Шаршы болып тұйықталған қарама-қарсы қойылған қойлардың екі басынан құралған композиция бейнеленген пішіні сопақшалау жапсырма. Қойлардың бастары егжей-тегжейлі берілген. Ауыздары жабық. Жиекпен қоршалған құлақтары қысқа, жапырақ сияқты, көлденең. Иілген мүйізі жиекпен жасалған. Жануардың бетінен жағы мен тұмсығы ерекше берілгенКедірлері анық, оң жағы да, сол жағыда жақсы жасалған. Жапсырма құйылған алтын тілімшеден бет жағын бедерлеу арқылы жасалған. Жапсырманың теріс жағында әрбір бұрышында төрт ілмектен дәнекерленген. 

009 (1).jpg
010.jpg

ПІШІНІ БИКОНУС ӘШЕКЕЙ (ШЕКПЕНДЕ)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  1,8х1,8 см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2196/1-16   АЗ-464/1-16

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Пішіні биоконус моншақтың іші қуыс, жіп өткізетін тесігі бар екі конус сынды екі жартыкештерден дәнекерленіп жасалған. Моншақтың бетінде 8 ойық бар, оларға өткізуге арналған тесік жанындағы екі ұшына дәнекерленген бір-бірімен шырмалмаған бұралған сымдар дәнекерленген.   

АЙНА ҚАБЫ

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: ағаш

Техникасы: нақыш

Өлшемі:  47х24х5см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2197    АЗ-465

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Оюлы қап ағаштан жасалып, морилкамен қапталған. Қапта өсімдік стиліндегі нақыш бар.

011.jpg

  ТАРАҚ

1410980776_75034600.png

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:ағаш

Техникасы: нақыш

Өлшемі:  158х106х7,5 мм

Салмағы: 58,20 гр

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай I қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2213 АЗ-481

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Тарақ – екі жақты, тұтас, пішіні тік бұрышқа ұқсайды, ағаштан нәзік ойып жасалған (терек), оттан күйген. Тарақ –үш бөлімнен тұрады: тарайтын жоғарғы және төменгі бөліктер, ортасы сәндік. Негізін бүйір жақтаулар құрайды, орта бөліміндегі қимасы  тікбұрышты,  жоғарғы және төменгі бөліктері трапециялар сияқты кеңейеді. Тарақтың жоғарғы тарайтын бөлігі бүйір жақтаулардың арасына орналасқан 15 ірі тістен тұрады. Тістерінің қимасы дөңгелек, өлшемдері әртүрлі. Төменгі бөлігінің бүйір жақтаулардың арасына орналасқан 80 майда тісі бар.

Жақтаудың тікбұрышты кеңістігіне арбадағы екі жауынгер мен олардың жаяу қарсыласы арасындағы ұрыс көрінісін бейнелеген мүсіндік композиция ойылып салынған. Ол бедерленіп шынайы жасалған. Қарсыласу көрінісі жақсы көрсетілген. Оңнан солға қарай орналасқан әскери арбадағылар басымдылыққа ие. Арба екі дөңгелекті, оған бір-біріне ұқсас екі ат жегілген.

ҚАЗАН

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: композит материал, металл

Техникасы: құю, дәнекерлеу

Өлшемі: 25х24,5х18см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2207АЗ-475

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Тұрқы мен тұғырықтан тұратын қола ыдыс. Жарты шар тұрқы аузына қарай тарыла түскен. Ернеуі сыртқа қайырылған. Ішкі беті жылтыр. Ішкі жиегінің қазанның ішіне қарай метал іспегі жоқ. Қазан тұрқының сыртының үстіңгі, ортаңғы, төменгі бөліктері бедерлі жіппен бедерленген. Қазанның үш шошағы бар ілмек сияқты тік екі сабы бар, тұрқы мен саптары бірге құйылған,тік саптың астында тұрқының орта тұсына бекітілген ілмек екі сабы бар. Сүйірленген түбі құйылған және құйылған «тойтарма үш шегемен» бекітілген. Тұғырықтың металы тұрқының түбіндегі құйма жолды қамтыған, алайда оны түгелімен жаппаған. Қазанда мойнын созған түйенің басы пішінді мүсін бар. Жануардың бейнесіне тістерін ақситып тұрған қорқынышты кейіп арнайы берілген. Бейнеде ақсиған тістері, бедерлеп берілген дөңгелек көздері, басының төбесіне орналасқан қалқиған құлақтары анық көрінеді. Құлақтарының арасында жарты шар тәрізді сызықты бойлай, қалың жүннен жалға ауысатын «бөрік» тұр.  Тұмсығы аздап қоңқақ әрі қайқы. Пішіні грифон бейнесіне жақындатылып әсіреленген түйенің қоңқақ әрі қайқы тұмсығын жасау азу тісті жыртқыштарға тән тістерін көрсеткенінің арқасында күшейген. Жануардың еріндері бедерлі білікшемен берілген. Түйенің суретінен жануардың агрессиялы бейнесі байқалады.

images (1).jpg
020.jpg

ҚУЫРАТЫН ЫДЫС-ТҮТІНДЕТКІШ

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл

Техникасы: құю

Өлшемі:  25х23,5х10,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2206 АЗ-474

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Қабырғасы қалың қола тостаған, пішіні сопақша, жиегі білікше сияқты, түбі дөңгелек. Түбі мен түбіне жақын жерлеріне өлшемдері әртүрлі сопақша 24 тесік жасалған. Ыдыстың екі жағына сап бекітілген. Бір жағында саптың аздап төмен майысқан фрагменті сақталған, екінші жағындағы сабы жоқ, тек бекітілген орны ғана сақталған. Саптың негізі жуан.

018.jpg

ЖҮГЕНДЕРДІ БӨЛУШІ (ҮШАЙЫР)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  1,8х1,8 см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2204 АЗ-472

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Жүгендерді бөлуші – үшайыр. Салмақты үш мүйізді зат. Үшайырдың сыртқы және беткі жағы тегіс, ешбір безендірілмеген, суреттері жоқ. Үшайырдың екі бүйір мүйіздерінде  теңбүйірлі үшбұрыш түріндегі көлденең пішіндер ойылған. Ұштары үшайырдың ортасына қарай бағытталған. Зерлерінде симметриялық қатты сақталған. Үшайырдың қабырғалары тегіс, өткір бұрыштары жоқ. Жүгендерді өткізуге арналған тесіктерінің пішіні сопақ.

017.jpg

СУЛЫҚ

Даталануы: б.д.д.VІ -Vғғ.

Материалы: қола

Техникасы: құю

Өлшемі: ұзындығы 12,5 ден - 17,5 см дейін

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2203/1-6 АЗ-471/1-6

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Тік өзек түріндегі екі тесікті сулық, ұштары зооморфты безендірілген. Ауыздыққа кигізілген. Сулықтың шеттері бүркіт басты екі грифондардың басы бейнеленген мүсіндермен безендірілген. Олар айна симметриясы қағидасымен қарама-қарсы жаққа қараған. Бір шетіндегі бейне ұзын иілген балсірілі тұмсық ретінде берілген. Тұмсықтарының арасы тереңдетілген сай түрінде жасалған. Құлақтары қысқа, жұмыр. Көздері дөңгелек, дөңгелек дөңес қарашығы жиектелген. Мойны ұзын, сұлу.  Қарсы шеттегі мақлұқ жоғарыда сипатталғанға ұқсайды, айырмашылығы көздерінде ғана. Олар бадам пішінді, жас ағарымен. Сулықтың түп ойықтары дөңгелек, диаметрі 8 мм, бір-бірінен 22 мм қашықтықта орналасқан. Өзегінің қимасы әртүрлі: түп ойықтары орналасақн аралықтағылары – жалпақ, ұштарындағы дөңгелек.    

ТЕМІР ПЫШАҚ

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл, композит

Техникасы: қалыптама

Өлшемі:  21,3х1,6см.,22,3х1,9см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2205/1,2 АЗ-473/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Жұқа, тілімше жүзді екі пышақ. Кесіндісі дөңгелек сүйек саптарға орнатылған. Пышақтардың жүздері тойтарма екі шегемен бекітілген.

Снимок 1.PNG

"Туған елге тағзым" жобасы 

Орал қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

bottom of page